АTPress.kz. 25 мамыр. Жақында Жоғарғы соттың интернет-ресурсында «Сырттай бағалау сауалнамасы» жаңа сервисі ашылды. Соттар қызметін сырттай бағалау сауалнамасы 10 басты мәселеден тұрады.
Сауалнама сот ісін жүргізуге қатысушылардың сот талқылауларын ұйымдастыру және өту сапасына қанағаттану дәрежесін зерттеуге бағытталған. Аталған сервиске тараптар «Сот кабинеті» бөлігін таңдап электронды цифрлы қолтаңбалары арқылы кіре алады. Оның ішінде сырттай бағалау сауалнамасын таңдау қажет.
Сауалнама жасырын сипатта жүргізіледі. Бұл ретте нақты соттардың қызметіне пәндік талдау жасау үшін кіріспе бөліктерді айқын деректерді көрсету керек. Сұрақтардың негізгі бөлігі сот ісін жүргізуді ұйымдастырудағы кемшіліктер мен қателіктерді анықтау үшін респонденттің пікірін нақтылауға бағытталған. Сауалнаманың қолжетімді бөлігі басты сұрақтарға оң немесе теріс жауап берілінуіне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Берілген жауаптың «Егер жоқ болса, себебін түсіндіріңіз» нұсқасын таңдасаңыз, берілген жауаптардың бірнеше нұсқасын таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, іске қатысушы сауалнамаға бір іс бойынша бір рет ғана қатыса алады. Сауалнамаға қатысуға тек бір іске қатысушыға ғана құқық беріледі. Яғни тарапқа немесе оның қорғаушысына. Аталған сервис судьялардың жұмысын бағалаудың құралы болып табылады.
Мереке Асанова
Сурет atr.sud.kz сайтынан