Мемлекеттік шекарадағы ең басты талаптардың бірі - шекарадағы тәртіпті сақтау және қадағалау.
Белгілі бір тәртіпті сақтау мақсатында шекарашылар Қазақстан Республикасының Заңының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 72, 73, 74, 75 баптарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды, дене күшін қолдануға құқылы.
Азаматтардың шекарашыларға және Мемлекеттік шекарада өз міндеттерін атқарып жүрген басқа да әскери қызметкерлерге қарсы күш қолданылса, қарулы шабуыл жасағанда, қарсылық көрсеткенде, олардың көліктерін, әуе және теңіз кемелерін басып алған жағдайда заңға тартылады және тыйым салынады.
Ата Заңымыздағы 72 баптың 8 тармағына сәйкес шекарашылар қару-жарақ, әскери техниканы, қызметтік жануарлар мен арнайы құралдарды, дене күшін қолдану кезінде көлік құралдарының және құқық бұзушылардың іс-әрекеттерінің қауіпті немесе күтпеген маневрі, оқтардың тайып кетуі салдарынан олардың ұшу траекториясының өзгеруіне, құқық бұзушылардың көлік құралдарының сынуы немесе бүлінуі салдарынан келтірілген моралдық материалдық шығындарға жауап бермейді.
Ал 73 баптың 2 тармағындағы көрсетілген жағдайлар кезінде (қарулы шабуылға тойтарыс беру мен қарулы басып кіру кезінде, қарулы қарсылық көрсету кезінде, әскери қызметшілерге кенеттен шабуыл жасалған кезде, ұсталған азаматтардың қаруды алып қашуы кезінде) шекарашылар және шекарадағы міндетін орындауға келген басқада әскери қызметкерлер қаруды ескертусіз қолдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға тек шекарашылар ғана емес, оның әрбір азаматының міндеті және азаматтардың барлығы шекарада жүріп-тұруы кезінде, шаруашылық жұмыстарын атқаруы кезінде белгілі тәртіптерді сақтау, оларды бұлжытпай орындауға міндетті.
Р. Енсебаев,
2201 «Г» әскери бөлімінің командирі подполковник
Сурет uzbchron.wordpress.com сайтынан алынған