Салтанат сарайына соғылған көлік иесіне қатысты сот отырысы өтті

ATPress.kz. 11 шілде. Атырауда Салтанат сарайына соғылған көлік иесіне қатысты сот отырысы өтті. Әкімшілік іс құқық бұзушылық туралы кодекстің 610 бабы, бірінші бөлігін негізге ала отырып жүргізілді.

Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға биылғы жылдың мамыр болған. Іс материалдары бойынша, А. есімді азамат Салтанат сарайы ғимараты ауласында BMW 525i маркалы автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, ғимараттың кіре беріс баспалдағына соғылған еді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші жеке кәсіпкер К.-ге материалдық шығын келтірілген.

Сот қаулысымен көлік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 9 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Айдос Қарабала