ATPress.kz. 22 маусым. Атырауда ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін Ресей азаматы жауапкершілікке тартылды.
Оны «Kia Sportage» көлігімен «Ақтөбе - Астрахань» тас жолының 637 шақырымына келгенде полиция қызметкерлері тоқтатқан. Көлік құралын, құжаттарын тексеру кезінде Ресей азаматы Б.А.-дан алкоголь иісі шығып, күдік тудырған соң дәрігерлік тексерістен өткізілген. Нәтижесінде, оның «жеңіл» дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды.
Сот қаулысымен Ресей азаматы Б.А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-інші бабы, 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айдос Қарабала
Фото blamper.ru сайтынан алынған