Нұрым Оразбаев: Қылмыстың көбеюіне алкогольді ішімдік себеп болып отыр

ATPress.kz. 13 желтоқсан. Атырау облысында биыл қылмыс 16% дейін азайған. Атырау облысы ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Нұрым Оразбаевтың айтуынша, есепті мерзімде тіркелген қылмыстық істер саны 7592 көрсетіп отыр.

Спикердің айтуынша, қылмыстық оқиғалардың көптеп орын алуына негізінен алкогольдік ішімдіктер, яғни, адамдардың масаң жағдайда жүруі себеп болып отыр. 

- Сондықтан, қазіргі таңда учаскелік полицейлерге осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылып отыр. Қазірдің өзінде 11 мың адам антиалкогольдік бағыттағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп атап өтті Нұрым Оразбаев. 

 

Бек Әзберген

Сурет: ua-reporter.com