ATPress.kz. 27 шілде. Нұрсая ықшам ауданындағы «Полиция үйінің» алдында жаңа автотұрақ ашылды. Ол 160 көлікке шақталған.
Бұрын осы ғимарат алдындағы ескі автотұрақтың тарлығына байланысты тұрғындардан наразылық туындаған еді. Енді бұл мәселе шешімін тапқандай. Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевтың айтуынша, соңғы жылдары облыстағы көлік саны күрт көбейген. «Бүгінде өңірде 151 мыңнан астам көлік тіркелген. Нұрсаядағы әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының алдына күніне 200-ге жуық адам келіп-кетеді. Сондықтан, жаңа автотұрақ – қажеттіліктің өтеуі», - дейді департамент бастығы.
Тоқтала кетейік, бұрынғы автотұрақ бар болғаны 54 көлікке ғана есептелінген. Енді жаңа автотұрақтың ашылуына байланысты полиция ғимаратының алдына 200-ден астам көлік тұрақтай алады.
Айдос Қарабала
Фото ОІІД-нің Фейсбуктегі парақшасынан алынған