Немересінің алдындағы міндеттерін орындамаған әйелге жаза кесілді

АTPress.kz. 11 мамыр. Атырау облысында ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған немересінің тәрбиесіне немқұрайлы қараған əйелге әкімшілік жаза тағайындалды.

Бұл туралы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот отырысында кәмелет жасқа толмаған немересінің қамқоршысы болып табылатын 1955 жылы туылған азаматшаның үйіне тексеру жұмыстарын жүргізген кезде, құқықбұзушының немересінің қамқоршысы бола тұра үйінде үнемі ішімдік ішіп, немересінің тәрбиесімен айналыспай, міндеттерін орындамағаны анықталды, - деп жазды ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жасы кәмелетке толмаған немересінің қамқоршысы болып тағайындалған 62 жастағы əйел жұбайымен 2017 жылғы 14 ақпанда «Валентин» күнін атап өтіп, үйінде немересі бола тұра спирттік ішімдік ішкен. 

Сот, кәмелетке толмаған немересінің тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған əйелге  әкімшілік жаза ретінде 11 118  теңге айыппұл салды.

 

Мереке Асанова