Мал басын үйітемін деп, күйікке шалдықты

ATPress.kz. 7 тамыз. Атырау облысының Қызылқоға ауданында 67 жастағы азамат мал басын үйітемін деп, күйікке шалдыққан. Оқыс оқиға 6 тамыз күні болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күйікке шалдыққан адам Сағыз селосының тұрғыны болып шықты. Жалындаған от оның беті, аяғы мен мойнын шарпыған. Салдарынан, 2 дәрежелі күйік алған. 

Бүгінде «тілсіз жаудың» құрбанына айнала жаздаған азамат Қызылқоға аудандық ауруханасына жатқызылған. «Алаңдауға негіз жоқ, жағдайы бірқалыпты», - дейді дәрігерлер.

 

Айдос Қарабала