Махамбет ауданына бас полицей тағайындалды

ATPress.kz. 31 қаңтар. Махамбет ауданына бас полицей келді. Атырау облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұйрығымен полиция полковнигі Закариев Абай Базарғалиұлы Махамбет ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымды қызметіне тағайындалды.

Абай Закариев бұған дейін Атырау облысы ішкі істер департаментіне қарасты криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі, аталған бөлімнің бастығы, Атырау облысы ішкі істер департаменті криминалды полиция басқармасының мүліктік қылмысты ашу бөлімінің бастығы, Атырау облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары, Атырау облысы ішкі істер департаменті криминалды полиция басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

 

Ф. Қожанова,

Махамбет ауданы