ATPress.kz. 1 тамыз. Атыраулық кәсіпкердің газға берешегі 51 млн теңгеден асқан. Енді ол сот шешімі негізінде қарызын өтейтін болады.
Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Айтуларынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жеке кәсіпкер К. үстінен 51 млн 415 мың теңгені өндіру туралы талап арызымен жүгінген. Анықталғандай, жауапкер газ таратушы мекеменің талаптарын орындамаған. Алайда, кәсіпкер көгілдір отынға бережағын мойындап, биылғы жылдың 10 сәуірінде екі жақты актіге қол қойылып, кепілдік хатын жолдапты.
Осы орайда, сот іс-құжаттарын зерделей келе талап қоюшының арызын толық қанағаттандырды. Яғни, жеке кәсіпкер «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне 51 млн 415 мың теңге берешекті және 1 млн 542 мың теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы шешім шығарылды.
Айта кетсек, жеке кәсіпкердің көгілдір отынға қарызы қаңтар-наурыз айларының аралығында жинақталған. Ол табиғи газды жылу өндіру мақсатында қолданыпты.
Айдос Қарабала
Фото kyiv.depo.ua сайтынан алынған