АTPress.kz. 9 маусым. Атырау облысының Махамбет аудандық соты қоғамдық көлікте шу шығарған әйелге қатысты істі қарады.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Т.Н. Алмалы ауылының жолаушылар тасымалдайтын автобусына мініп, жәбірленуші К.К.-нің қасына отырған. Кейін жол үстінде жолаушы Т.Н. қасындағы жолаушымен сөзге келіп, олардың арасында келіспеушілік туындаған. Ақырғы дауда құқық бұзушы азаматша К.К.-ға қатысты ашу шақырып, оны былапыт сөздермен балағаттағаны белгілі болды.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағанындай, сот шешімі құқықбұзушы Т.Н.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігіне сəйкес кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Мереке Асанова
Сурет atr.sud сайтынан