Атырауда жүзден аса шетелдік заңды белшеден басқан

"Мигрант" іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден аса шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркілерімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді анықтап, оларды мәжбүрлі түрде елден шығару мақсатында Атырау облысы аумағында республика көлемінде наурыз айының 11-15 аралығында республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Қазіргі уақытта 1 күн нәтижесі бойынша «Мигрант» іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден аса шетел азаматтары анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Және де 12 наурыз күні рейд жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс нысандарында 16 заңсыз жұмыс жасап жүрген шетелдіктер анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлімімен хаттама толтырылды.

Айта кетейік, іс-шара кезінде құрылыс нысандары және мал соятын ет павилондарында, саяжайлар, қыстақтар, жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен көкөніс, жеміс-жидек сататын дүңгіршектер тексеріледі.