Атырауда шетелдік жүргізушіге жеті айыппұл салынды

Облыс орталығында тасжолда төленбеген жеті айыппұлы бар шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол бермеу, қысқарту, өңір жолдарында адамдардың өмірін сақтау мақсатында атыраулық полицейлер жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде. 1 наурыз күні Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе-Атырау тас жолының 595 шақырымы тұсында  Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған шетелдіктің «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін тоқтату кезінде оның төленбеген 7 айыппұлы барын анықтады. Аталған автокөлік арнаулы тұраққа жеткізілді.

Айта кетейік, «Кибер-Шериф» құрылғысы тас жолдарда 1 ақпаннан бастап іске қосылып, қызмет атқаруда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ