ATPress.kz. 2 қазан. Атырау қалалық және Махамбет аудандық соттарына жаңа судьялар тағайындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Атырау қалалық сотының судьясы лауазымына Медина Әбдібайқызы Серікбаева, Махамбет аудандық сотының судьясы лауазымына Сәрсен Амантайұлы Амантаев тағайындалды.
Жаңа судьялардың ант қабылдауға арналған салтанатты шарасына облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов пен қалалық және аудандық соттардың төрағалары қатысты.
Жас судьялар, ант қабылдай отыра, өздерінің міндеттерін адал және әділ атқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларын басшылыққа алып, сот төрелігін жүзеге асыруда бейтарап және әділетті болуға міндеттенді.
Ресми таныстыру соңында М. Бектұрғанов жас судьяларды жаңа жұмысымен құттықтап, судьялық қызметті абыроймен алып жүру керектігін айтты.
Айқара Ғұмар
Фото atr.sud.kz сайтынан алынған