Бүгін тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар» және «Көп балалы отбасылар» санатымен кезекте тұрған азаматтарға Бөдене ауылынан салынған екі пәтерлі алты үй, яғни 12 пәтердің кілтін табысталды.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Серік Нсанбаев пәтер кілттерін өз иелеріне табыстап, жаңа қоныспен құттықтады.
Индер ауданында қазіргі таңда халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, соңғы 5 жылдықта Индербор кентінде 2021 жылы 80 пәтер, 2023 жылы 192 пәтер, 2025 жылы 60 пәтер табысталса, Жарсуат ауылдық округінде 10 үй кезек бойынша әлеуметтік осал топ, аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналарға берілген болатын.
Жаңа тұрғын үй 109 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмеден тұрады.