Атырау көлік және коммуникация колледжінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған марафон өтті. Жарыс Жайық өзенінің жағалауынан басталып, оқу орнының аумағында мәреге жетті. Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты еңсеріп, төзімділік пен командалық рухты көрсетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Марафонның жабылу салтанаты студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды бір ортақ ритмге – денсаулық пен жеңіс ритміне біріктірді. Мемлекеттік Гимнмен басталған кеш, қатысушыларға бұл жай ғана жарыс емес, Атырау көлік және коммуникация колледжінің өміріндегі маңызды оқиға екенін сезіндірді.
Ұйымдастырушылар Атырау облыстық ПД-нің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасына демеушілік қолдауы үшін ерекше алғыстарын білдірді. Осындай бастамалар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.
Марафон жеңімпаздары:
Бас жүлде – велосипед: Гусман Қосжан (ТМ 1/24 тобы)
I орын – велосипед: Бахтияр Русланұлы (АЭ 1/24 тобы)
II орын – 10 000 теңге сертификат: Асылхан Сәрсен (АЭ 1/24 тобы)
III орын – 5 000 теңгеден сертификаттар: Ислам Дюсенғали (АЭ 1/24), Бақдәулет Ахмади (ТМ 1/24), М. Ғалымов (АЭ 3/24).
Аида Караш