Жылқы туралы жаңа жоба жол тартады

АTPress.kz. 7 наурыз. «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Clearwater Documentary Inc. компаниясының бірлескен жобасы - «EQUUS» (Жылқы) деректі трилогиясына қатысты меморандумға қол қойылды.

Орталық коммуникациялар қызметінде кездесуде «EQUUS» (Жылқы) халықаралық жобасының өндірістік жұмыстары талқыланды. Жиында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жобаның еліміздің тарихы мен дәстүрін қамтып, халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.  

- Бұл біз үшін маңызды жоба. Біздің ел жылқыны алғаш қолға үйреткен  және атбегілік өнердің негізін қалыптасырған ел. Сондықтан шетел ғалымдарының Қазақстанға қызығушылығы тегін емес, - деді Дәурен Абаев.

Жобаға байланысты «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «EQUUS» жобасының түсірілім жұмыстары биыл Қазақстан аумағында болатынын, оған қазақстандық кинематографистер, актерлер, дублерлер, өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірігіп жұмыс істейтінін айтты. 

 

Мереке Асанова