ATPress.kz. 29 қараша. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, Индер аудандық ардагерлер кеңесінің жастар ресурстық орталығы, аудандық балалар кітапханасымен бірлескен басқосуда қоғамдық ұйым төрағасы Өтеп Нұриев, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұлғалық ба
Ал, ауданның құрметті азаматы Сансызбай Базарбаев Елбасына арнау өлеңін оқып, тілегін қосса, Көктем қазақ орта мектебінің мұғалімі Марсель Тұнғатов Елбасының түрлі қиындық, қарсылықтарға қарамастан ел астанасын Сарыарқаға көшіруін үлкен геосаяси көрегендікке теңеді.
Оны «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» Бақыт Қарекешова да қуаттап, еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету, халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесінің Астанада өткізу сынды халықаралық маңызға ие шаралар арқылы да Қазақстанды әлемге танытуға ұмтылған батылдығын алға тартты.
Сүйеу Халықов,
Индер ауданы