АTPress.kz. 8 маусым. Кеше Қазақстанның xалық әртісі Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 40 жыл толуына орай Атырау қаласында «Ертеңіме сенемін» атты жеке концертін берді. Кеш Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, облыс тұрғындарына концертті т
Өнер тойына қала және аудан әкімдері мен облыстың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері де келді. Махамбет атындағы қазақ драма театрының көрермендер залындағы орындықтарға сыймаған халық Розаның әндерін тізе бүкпей ықыласпен тыңдады. Әншіні саxнада жүргеніне қырық жыл толуымен құттықтаған аймақ басшысы оған Атырау жұртының атынан домбыра сыйлады.
- Кезінде ақ-қара түсті теледидардан "Әлияны" тыңдап, сол кезден бастап сізге ұқсағысы келген замандастырыңыз көп болды. Сол үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Қазақтың өнер майталманы кім дегенде, Роза Рымбаева деп айтатын жағдайымыз әлі бар. Қазақтың киелі домбырасы, Құрманғазы мен Дина туралы айттыңыз, атыраулықтардың атынан сізге киелі домбыраны сыйға тартамыз, - деді аймақ басшысы.
Ол сонымен бірге атыраулықтардың әншіні тағы да қарсы алуға дайын екендігін жеткізді.
Роза Рымбаева өзін екі сағаттан астам уақытқа созылған концертті тапжылмай тамашалаған көрермендердің ықыласына алғысын білдірді. Айта кетелік, былтыр Атыраудағы xалық шығармашылығы орталығынан әншінің шеберлік сыныбы ашылған еді. Биыл екінші жыл қатарынан аймақта Роза Рымбаева әндерінің фестивалі өтті.
Мереке Асанова