АTPress.kz. 28 ақпан. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Бәрі де еркектердің кесірінен» атты романтикалық комедия көрермендерге жол тартады.
Кинокомедияның желісінде үш жас жігіт өмірлерінде әйелдер әлеміне түсуге мүмкіндік алады. Әйелдер қауымы олардың бар жағдайларын жасап, армандарын орындайды. Дегенмен, жас жігіттер бұл жұмаққа бір келісіммен келгендерін кейін түсінеді. Киносюжеттің желісі осылай басталады. Қиял-ғажайып кинокомедия демеушілер мен жеке инвесторлардың есебінен түсірілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен фильмнің тұсаукесерінде фильмнің бас продюсері Александр Суслов хабарлады.
- Біздің киноның бюджеті - орташа. Қаражат көлемі ауқым да шағын да емес. Бұл жеке инвесторлар мен біздің жобаға қызығушылық білдірген адамдардың қаражаттары. Бұл жерде мемлекеттік байланыстың қатысы жоқ. Жиналған аудиторияға ұнайды деген ойдамыз, - деді фильмнің продюсері.
Кездесуде әртіс Данияр Алшинов фильмнің желісі туралы баяндады.
- Фильмнің кейіпкерлері ретінде біз әйелдер әлемінің ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік алдық. Шынайы өмірде әйелдер әлеміне түсуге мүмкіндік алсақ, бас тартар едім. Өйткені, әйелдер әлемінде ер-азаматтардың табиғи сезімдерін жоғалтады. Ер-азаматтар үшін бұл өте қауіпті, - деді әртіс.
Астана қаласында түсірілген кинофильм 2 наурыз күні еліміздің экрандарында көрсетіледі деп күтілуде.
Мереке Асанова