Нұрлан Ноғаев мәдениет қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

ATPress.kz. 20 мамыр. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

Атырау қаласында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше бағалайтынын айтты.

– Егер адамның тәнін дәрігерлер емдейтін болса, жанына сіздер дәрусіздер. Адамның ішкі тұғырының биік болуына, өмірде кездесетін өтпелі қиындықтарға төтеп бере алатын мәдениетті азамат болып қалыптасуына сіздердің еңбектеріңіз зор, – деді облыс әкімі. 

Шара кезінде мәдениет және өнер саласында еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, салада қызмет етіп жүрген мамандар алғыс хаттарға ие болды.

 

Мереке Асанова