АTPress.kz. 14 наурыз. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай мұражай қызметкерлері ұйымдастыратын іс-шаралар жоспарын жариялады.
Аталмыш шаралар «Наурыз – береке бастауы» тақырыбымен бүгіннен басталды.
14 наурыз, сағат 11.00-де - «Көрісу айты»: Атырау қаласының құрметті азаматтары Атырау қалалық қарттар үйі мен мүгедектер үйінде кездеседі.
Халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында танымдық көрініс және этнографиялық жәдігерлерден көшпелі көрме 15 наурызда сағат 10.00-16.00 Еркінқала орта мектебінде өтеді. Ал, 16 наурызда сағат 10.00-16.00 көрме Т.Амандосов атындағы орта мектебінде ұйымдастыралады.
Мереке Асанова