«National Geographic Қазақстан» - оқу ордаларында

ATPress.kz. 1 маусым. Жуырда «Каспий құбыр консорциумы – Қ» акционерлік қоғамы бас директорының Үкіметпен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин, «National  Geographic Қазақстан» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов пен «Қазақстан   халқы Асс

Ғасырдан астам тарихы бар  «National  Geographic» журналы 38 тілде әлемнің 80-нен астам еліне таралады. Ал өткен жылы «National  Geographic Қазақстан» деген атаумен қазақ тілінде жарық көріп, оқырмандарымен қауышқан еді. 

Осы орайда, «Каспий құбыр консорциумы – Қ» АҚ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» қоғамдық қорымен бірлесіп, биыл облыстағы 219 білім ордасын аталған «National Geographic Қазақстан» журналына тегін жаздырған. Бүгінде 20 мың дана журнал «Қазпошта» бөлімшелері арқылы Атырау өңірінің шалғайдағы елді мекендеріне тұрақты жеткізіліп тұрады.  Жобаның мақсаты – әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен сапалы фотосуреттері бар ғылыми-танымдық журналды мектеп оқушылары жоғары оқу орындарының студенттеріне қолжетімді ету.

Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Әли Әбішев, оқу ордасы журналдың 50 данасын ай сайын алып, танысып отыратынын айтады. «National Geographic Қазақстан» журналы – елімізде мемлекеттік тілде таралатын тұңғыш шетелдік басылым. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету де – негізгі басымдықтарының бірі. Бас редактор Еркін Жақыповтың айтуынша, журнал Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанда шығып отыр. Бұл қазақ тілді оқырманды әлем жаңалықтарымен таныстырып қана қоймай, Қазақстанды әлемге танытуға мүмкіндік береді.

  

Дайындаған Айдос Қарабала

Дереккөз www.atr.kz сайтынан алынған