АTPress.kz. 27 наурыз. «Атырау-Ақпарат» ЖШС қолдауымен әлеуметтік желілерде жарияланған «Мен көрген Атырау» атты мультимедиалық байқаудың қорытындысы белгілі болды.
Байқау Атырау қаласында өткен Блог Құрылтай шарасына тіркелгендер арасында ұйымдастырылып, Атырау қаласы туралы #bqkz2017 хештегімен жарияланған барлық посттар байқауға қатысқан болатын.
Үздік фоторепортаж номинациясында: бірінші орынды kerekinfo.kz сайтындағы «Мен көрген Атырау» фоторепортажымен Асхат Шотаев (Шымкент) жеңіп алды. Жеңімпаз бүгінгі Атыраудың суреттерін осыдан 50-60 жыл бұрынғы картиналарымен салыстырып, репортаж жасаған.
Екінші орын Махамбет ауданындағы ешкі сүтін өндіретін зауыт жұмысынан фоторепортаж жасаған Ерхан Бақбергенұлына бұйырды. (Қызылорда).
Үшінші орынды Фейсбуктегі жеке парақшасында түнгі Атырау қаласының көріністерінен фоторепортаж дайындаған Әділғазы Кереев еншіледі (Орал).
Үздік видео бойынша:
1 орын - Мырзабек Мырзахмет (Көкшетау);
2 орын - Маралбек Сағынғанов (Астана);
3 орын - Oil Vine (Атырау).
Үздік инста-пост аталымы бойынша:
1 орын - Исабек Жұбаныш (Қызылорда);
2 орын - Нұрлыбек Рахманов (Орал);
3 орын - Мұрат Тұрсынов (Алматы).
Мереке Асанова