Индерде көркемөнерпаздар байқауы өтті

ATPress.kz. 28 қараша. «Өнерімді еліме арнаймын». Тұңғыш Президент күні қарсаңында осындай тақырыппен Индер ауданындағы жаңа мәдениет үйінде мектеп оқушыларының облыстық көркемөнерпаздар байқауына дайындаған салтанатты кеші өтті.

Алдымен келушілер мәдениет үйінің дәлізіндегі оқушылардың қолөнер, сурет, шығармалар көрмесімен танысып, мәре-сәре болды. Кештің негізгі мақсаты – Елбасы күніне орай оқушыларға эстетикалық және өнегелік тәрбие беру, олардың рухани және өнерпаздық талғамын қалыптастыру.

Екінші бөлімде оқушылар өзара өнер жарыстырды. Сөйтіп, бас жүлде Қ. Абаханов атындағы орта мектебіне табыс етілді (мектеп директоры Мағиса Ибрашева). Ал, жүлделі бірінші орынды М. Әуезов, екіншіні Махамбет, Қ. Есқалиев, үшінші орынды Гребенщик, Б. Нысанбаев және Индер балалар өнер мектебі иеленді. 

 

Д. Айбаров