«EXPO-2017» аясында өтетін мəдени іс-шаралар

АTPress.kz. 14 маусым. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақ ұлттық өнер университеті бірқатар іс-шара өткізуді қолға алды. Іс-шаралардың қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз конфере

Кеше Қазақ ұлттық өнер университетінің іргесінде «Ұлы Жібек жолы: Батыс және Шығыс мәдениетінің өзара әрекеттесуі» атты Жібек жолы елдеріндегі музыкалық мекемелер басшыларының 2 Форумы ұйымдастырылды. Он үш елден келген музыкалық мекемелерінің бірінші басшыларынан құралған форумның құрамы Қазақ ұлттық өнер университетінде биыл алғаш рет бас қосып отыр.  

Сондай-ақ, алдағы 15-25 маусым аралығына П.И.Чайковский атындағы Халықаралық жасөспірімдер байқауы өтеді. Байқаудың ұйымдастырушылары П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқау лауреаттарының қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі. Шығармашылық дода Қазақ ұлттық өнер университетінің, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Байқаудың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева. Байқау 17 жасқа дейінгі музыканттар арасында фортепиано, скрипка, виолончель мамандықтары бойыша өткізіледі. Байқаудың әртүрлі елдерде өтуінің арқасында әлемнің түпкір-түпкірінен жас музыканттардың қатысуына мүмкіншілік беріледі. 

«Астана Опера» Үлкен залында 15 маусымда Байқаудың ашылу салтанаты өтсе, 20 маусымда Еуразиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Сергей Ролдугин мен Айман Мұсақожаева өнер көрсетеді. Конкурстық тыңдаулар ҚазҰӨУ-інің Орган залында және ҚазҰӨУ-інің Ж.Жабаев атындағы залында 16-24 маусым аралығына жоспарланған. 

Байқауға 20 елден: Ресей, Қазақстан, Қытай, Корея, Жапония, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия, Өзбекстан, Германия, Италия, Израиль, Ұлыбритания, Мексика және басқа елдерден жас орындаушылар қатысады.

 

Мереке Асанова