Елбасы Монако княздігінің ұлттық павильонын аралады

ATPress.kz. 26 маусым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Монако княздігінің ұлттық павильонын аралады. «Мұнда мемлекет басшысына энергетикалық тұрғыда «жасыл экономикаға» өтудің проблемаларына арналған экспозициялар мен үздік тәжірибелер көрсетілді», - деп хабар

ҚР Президенті «Болашақтың бейнесі» атты инсталляциямен, Монаконың аумағын кеңейту жөніндегі жобаның макетімен, «жасыл зертхана» секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты.

Соңында, Мемлекет басшысы Монако княздігі ұлттық павильонының құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрсетті. Мұнда екі елдің көшбасшылары уранды жерасты ұңғымалы тазарту әдісін, «Токамак» термоядролық реакторының интерактивті макетін және Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларына көзайым болды.

 

Айдос Қарабала

Фото akorda.kz сайтынан алынған