ATPress.kz. 2 маусым. Биыл Қазақ географиялық қоғамы 14 жобаны жүзеге асырады. Оның ішінде «Киелі Қазақстан» атты ғылыми-танымдық экспедиция, «Қазақстанда география ғылымынын дамуы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференци
Сонымен қатар, Арал өңірінің жағымды имиджын қалыптастыру мақсатында «Арал - шексіз қонақжайлық» жобасы жалғасын табады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ география қоғамы басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдастық өткен жылы да көптеген жұмыстар атқарған. Мәселен, «Ұлытау-Арал» ғылыми-зерттеу экспедициясы, Торғай геоглифтеріне алдын ала барлау экспедициясы, Антарктидаға «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясы, бердвочинг жүйесін дамытуға арналған Солтүстік Қазақстан облысының су қоймаларына ғылыми-танымдық зерттеу жасалған.
Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасына «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің номинациялық өтінімін әзірлеп, енгізген. Қазақстанда жолбарысты жерсіндіру бағдарламасын да жүзеге асырған.
Дайындаған Айдос Қарабала