ATPress.kz. 31 мамыр. Мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимылдың қазақстандық моделі жасақталды. Ол ұлттық әдет-ғұрыпқа, заманауи шындыққа, діни қағидалардың жалпыадамзаттық құндылықтарына бағытталған. Жаңа моделдің идеологиялық негізі «Дін саласындағы
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мәлімдеді. Бүгінде министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді мониторинг жасау, түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 1600 астам интернет-ресурстардағы материалдарға дінтанулық сараптама жасалып, 527 теріс діни материалдар анықталған.
Сондай-ақ, деструктивті ағымдардың жетегінде жүрген азаматтармен жұмыс жүргізетін 28 ұйымды құрайтын оңалту орталықтары мен өңірлік желілердің қатысуымен көптеген жобалар жүзеге асуда. Олар деструктивті діни ағымдардың жетекшілері және белсенділерімен жеке кездесулер өткізеді.
Орталық және өңірлік деңгейде экстремизм баптары бойынша түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілермен, еркіндікте жүрген радикалды ағым ұстанушыларымен және олардың отбасы мүшелерімен түсіндіру, кеңес беру және оңалту жұмыстары да жүргізілуде. Әр өңірдегі дін істері басқармалары 2017 жылдың бірінші тоқсанында түзеу мекемелеріндегі 182 адамды, ал еркін «діндар жамағаттың» арасындағы 300 астам адамды радикалдық ойларынан қайтарған.
Жалпы профилактика шеңберінде азаматтардың сауаттылығы мен ақпараттандырылуы қамтамасыз етіледі. Елімізде 306 арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. Олардың құрамында 3,5 мыңнан астам адам бар. «114 - Сенім телефоны» тәулік бойы қызмет көрсететін консультативтік орталығы азаматтарға үлкен көмек көрсетеді. Интернет-аудиториямен жұмыс ағартушылық «КazIslam.kz» (бұрынғы E-Islam.kz) интернет-порталы арқылы жүргізілуде.
Айдос Қарабала