АTPress.kz. 24 наурыз. Биылғы республикалық VII BlogCamp-тың ерекшелігі спикерлердің барлығы өз ісінің кəсіби мамандары, деп атады Блог Құрылтай шарасының модераторы Маралбек Сағынғанов.
Республиканың əр өңірінен келген екі жүзден астам блогшылар бірінің білмегенін біріне үйретіп, екі күн бойы Атырау жерінде өзара тəжірибе алмасуда. Кеше APEC петротехникалық колледжінде болған кездесуде «Ақпараттық қауіпсіздік», азаматтық журналистика және SMM бағыттары бойынша сұрақ-жауап алмасып, тәжірибелі мамандардың дәрістері тыңдалды. Əлеуметтік желілер арқылы əлеуметтік мəселелерді шешуге болатындығы айтылды. Құрылтай аясында өзге қалалардан келген блогшылар бүгін көне қала Сарайшыққа барып, Атыраудың ерекшелігімен, озық үлгідегі өндіріс орындарымен танысты.
Блог Құрылтай - көп жиналыстардың бірі ғана емес, жастардың бейресми кездесіп, пікір алмасатын алаңы. Құрылтайға жеті жыл қатарынан қатысып жатқандар да, бірінші рет қатысушылар да бар. Олар Блог Құрылтай жақсы деңгейде өтіп жатқанын, Атырау қаласының ұнағанын айтуда.
- Елбасының ұстанып отырған саясаты да қоғамның ашықтығын жария ету. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін маңызды, - деді белсенділермен ашық әңгіме жүргізген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Мереке Асанова