ATPress.kz. 19 сәуір. Атырауда "Мәңгілік елдің мұрагерлері" деген атаумен Назарбаев зияткерлік мектебінде мектеп оқушылары, ұстаздар мен ата-аналардың қатысуымен алғаш рет аламан айтыс өтті, деп хабарлады ATPress.kz тілшісіне Зияткерлік мектептің баспасөз
"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының жеті құндылықтарын негізге алған айтыс ақындары көзі қарақты көрерменге суырып салма өнерінің тамаша үлгісін көрсетті. Оқу орнында алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараға жергілікті компаниялар демеушілік көрсетіп, облыстағы зиялы қауым өкілдері де қолдау білдірді. Олар үш сағатқа созылған айтыс өнерін мұқият тыңдап, жеңімпаздарды анықтады.
Айтыс қорытындысы бойынша үшінші орынды 8 сынып оқушысы Ерсайын Нұрдәулет иеленді. Екінші орынды 10 сынып оқушысы Есбергенова Әнел қанағат тұтса, жүлделі бірінші орын 11 сынып оқушысы Төлеген Мирастың қанжығасына байланды.
Әбілқайыр Бимырза, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті:
- Ұйымдастырылған шара көңілімнен шықты. Себебі, айтысты мен бала кезімнен жақсы көремін. Осыған дейін бірнеше айтыстарға қатысқан болатынмын. Ал менің бүгінгі қарсыласым айтысқа бірінші рет шығып отыр. Бұл мектепте алғаш рет ұйымдастырылып отырған айтыс өнері әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймын, -дейді.
Мереке Асанова