АTPress.kz. 22 маусым. Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының бастамасымен тұрғындар қалашығындағы орталық саябақта ретро кеш ұйымдастырылды.
Мәдени көпшілік іс-шараны тамашалауға қарттар үйінің тұрғындары да қатысып, ретро әндер мен жарқын дауыс иелерінің сағынышқа толы кешінің куәсі болды. Ұйымдастырушылар жиналғандар арасында 80-90 жылдардағы әндердің әуендерінен жұмбақ жасырып, ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыстады.
Қала тұрғыны Людмила Ковкач:
- Ретро әндердің дауысын әріден естіп келсем де мұндай ретро кеш өтіп жатыр деп ойламадым. Алайда, саябаққа келгенімде сағат жарым уақытымның қалай өтіп кеткенін байқамаппын. Осындай іс-шаралар жастық шақты еске салып, бір-бірімен танысудың таптырмас мүмкіндігі. Жиі ұйымдастырылып тұрса, - дейді.
Мереке Асанова