«Аманат» қоғамдық сыйақысы тағайындалады

АTPress.kz. 3 ақпан. «Аманат» қоғамдық сыйақысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени әрі қоғамдық өмірге елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеуге арналған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының президенті Зауре Беисованың мәліметіне сүйенсек, сыйақыны алуға үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсына алады.  

- Сыйақы «Бабалар аманаты», «Шынар», «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер» номинациялары бойынша беріледі. Қоғамдық сыйақыны тағайындау бойынша байқау бүгіннен басталғанын, өтінімдер 1 мамырға дейін қабылданады, - деп атап өтті З.Беисова.  

Толығырақ ақпарат - G-Global сайтында

 

Мереке Асанова