Алаштың жатыр ақ жолы

ATPress.kz. 29 қараша. Индер аудандақ кітапхана мен «Индер-Мәдениет» МКҚК бірігіп, ұйымдастырған «Алаш атын ұран еткен» атты тақырыптық кешке қатынасушылар Елбасының «Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті», деген терең ұ

Саналы ғұмырын қазақ ұлтының мүддесіне арнап, ұлт үшін құрбан болған ерлер рухын еске алуға арналған кешті аудандық кітапхана директоры Гүлнәр Садықова ашып, көпшілік арыстар туралы деректі фильмге көз тікті.

Бұл қозғалыстың мақсатын бүгінгі егемендіктің ұранына айналған «Мәңгілік ел» мұратымен байланыстырған Көктем қазақ орта мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Қазына Абдырахманованың баяндамасын да көпшілік үлкен ықыласпен тыңдады.

Ал, еңбек ардагері Самиғолла Ғалым  Алашорда, соның ішінде оның Батыс үкіметі аз ғана өмір сүрсе де барлық мемлекеттік құрылымдары құрылып, пәрменді жұмыс істегенін, тіпті атақты Нобельдің өзі олармен санасуға мәжбүр болғанын мысал етті.

 

Сүйеу Халықов,

Индер ауданы