ATPress.kz. 5 маусым. Елімізде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол жобасы жүзеге асады. Сондай-ақ, 125 шақырымға жуықтайтын 2 темір жол, «Құрық» портындағы паром өткелінің құрылысы басталады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен осылай деді. Диалогқа Қазақстан автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкееев және бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясында қозғалған негізгі тақырыптар:
республиканың транзиттік-көліктік әлеуетінің дамуы мен оның халықаралық көлік жүйесімен бірігуі;
Қазақстан өңірлерінде бәсекеге қабілетті индустриалды инфрақұрылымды құру;
кәсіпкерлікті қолдау және оның бәсекелестік шарттарына бейімделуі;
қазақстандық экспортты дамыту және қолдау.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асқан барлық инфрақұрылымдық жобалар, бірінші кезекте қазақстандықтар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталады. Демек, ұлттық жүйе көлікпен жылдам, жайлы және қауіпсіз қозғалуға мүмкіндік береді.
Айдос Қарабала