АTPress.kz. 26 қаңтар. Елімізде бірнеше жылдан бері «Coca-Cola» халықаралық қорымен ауылдық жерлерде әлеуметтік жоба жүзеге асырылып келеді. Жоба «Coca-Cola белестері» деп аталады. Аталмыш бағдарлама негізінде шалғай елді-мекендердегі жұмыссыз әйелдер өз
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жасыл» экономикаға өту тұжырымдаманы іске асыруға және EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге арналған баспасөз конференциясында айтылды. «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменовтың мәлімдеуінше, соңғы төрт жылда аталмыш жоба аясында 40 әйел жеке кәсібін дөңгелетіп, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуде.
Аталмыш бағдарламаға қосымша тағы бір жоба қолға алынады деп күтілуде. «EXPO -2017» халықаралық көрмесіне келетін қонақтарды Ақмола облысының іргесіндегі «Арнасай» ауылында қарсы алу жоспарланған. Мұндағы мақсат - сырттан келген арнайы қонақтарға еліміздің қазақы салт-дәстүрін насихаттау.
Елді-мекенде 10 тұрғын үй таңдалып оларға күн коллекторлары, күн панельдері орналастырылады. Осылайша, кәсіптің бір түрінің дамуына үлес қосылады.
Еске сала кетсек, 2013 жылы Елбасының Жарлығымен «Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы бекітілген болатын. «EXPO - 2017» Халықаралық көрмесінің басты тақырыбы да «жасыл экономика» болғандықтан, бұл Қазақстанның «жасыл» дамудағы старттық нүктесіне айналды. Сондықтан, қай тұрғыдан алсақ та, бүгінгі таңда жасыл экономиканы дамытудың маңызы зор.
Мереке Асанова