АTPress.kz. 28 сәуір. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында инвесторлармен серіктестікті орнату үшін алдымен ақпараттандыру саласына назар аудару керектігі айтылды.
«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетовтің айтуынша, шетелдік инвесторлар әріптестіктің жоспарлы жобалары туралы ақпараттарды жергілікті басқару органдарының интернет-ресурстарынан алады. Ол жерлерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің заңнамасы аясында «бәсекелестік пікірталас» деген жаңа механизм іске қосылған.
- Бұл жергілікті және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 1,5 триллион теңге сомасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 354 жобасы жүзеге асыру мен жоспарлаудың түрлі сатысында тұр. Оның ішінде 335 жобасы аймақтық жоба болып табылады. Соңғы бір жарым жылда 43 жобасы бойынша 31,1 миллиард теңге жалпы сомасында келісім-шарт жасалды. Шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы жоғары. Бұндай серіктестік бір жағынан бюджетке де жеңілдік әкеледі, - деді Айдос Көбетов.
Мереке Асанова