АTPress.kz. 12 маусым. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы министрлігі «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын заңнамалық реттеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік секторда сатып алу тәсілдерін қайта қарау тапсырылған. Қазіргі кезде аталған салада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да ішкі корпоративтік құжаттарымен, қалған холдингтер мен ұлттық компанияларда Үкіметтің 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулысымен реттеледі.
ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов ведомствомен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын заңнамалық реттеуді көздейтін заң жобасын әзірленгенін хабарлады. Квазисекторды сатып алу бойынша төрт негізгі мәселені бекітуді ұсынылды:
бірінші, барлық квазисектор субъектілері үшін бірыңғай әдіснаманы енгізу;
екінші, квазисектордың сатып алу заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау бекіту;
үшінші, квазисектордың сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу;
төртінші, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілері шеңберін оларға квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін жатқызу жолымен ұлғайту.
«Дөнгелек үстел» жұмысына Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП, ұлттық холдингтердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлтаралық сарапшылар қатысты.
Тараптар ұсынылған құжат бойынша өздерінің ескертулерін жасады, сондай-ақ жалпы квазисектордың сатып алу саласындағы жағдайды талқылады.
Мереке Асанова