Бензиннің бағасы тағы да қымбаттайды

ATPress.kz. 2 қазан. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының операциялық басқару жөніндегі орынбасары Нүркен Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәлімдеуінше, бензиннің бағасы Ресейден өнімді ала бастаған кезде, яғни бір айдың ішінде жоғарылауы ықтимал. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз Өнімдері» өкілі бензинді талонмен беру мәселесі бірер күнде шешімін табатынын атап өтті. 

«Үлгере алмай жатқан өңірлерде отын талонмен беріліп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауыты жақында жұмысын бастап, тиісті режімге шықты және қазіргі кезде 8 мың тоннаға жуық отын Қазақстанның барша өңірлеріне бағытталды. Атап айтқанда, бұл шектеу кейбір өңірлерде орын алып отыр», - дейді Нүркен Мырзағалиев. 

Оның сөзіне қарағанда, Ресейден алатын өнімнің көлеміне қарай, АИ-92 бензинінің литрі 155-157 теңгені құрауы мүмкін.

 

Айқара Ғұмар

Фото stroyobzor.ua сайтынан алынған