ATPress.kz. 25 қыркүйек. Чехиялық «Skoda Electric» компаниясы басты жобаларының бірі – электр қуатымен жүретін автобусты таныстырды. Баламалы энергияға негізделген электробус сенімді әрі күтімі жеңіл көлік болып табылады.
Бүгінде Чехияда осындай қоғамдық көліктің гибридті нұсқасы бар. Төрт-бес сағат қуатталған батареялармен автобус 150 шақырымға дейін жүріп өтеді. Сондай-ақ, чехиялық компания Қазақстанда ұшатын велосипедтің моделін көрсетті. Оның ұшу биіктігі шамамен 7-8 метрге тең. Алайда, толық қуатталған батареялармен бар болғаны 3-5 минут қана ұша алатын көрінеді. Қазіргі таңда «Skoda Electric» компаниясы аталған жобаларды әлі де жетілдіру үстінде.
Әлбетте, Қазақстан үшін баламалы энергия көздерін, энергетикалық технологияларды дамыту, пайдалану, мәселен, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, сақтау сияқты салаларда чех компанияларының тәжірибесі маңызды. Бүгінде елімізде 158 ірі чех компанияларының өкілдіктері мен филиалдары тіркелген. Олардың 69-ы жұмыс істеуде. Жалпы, автоөндіріс саласы Чехия экономикасының мықты тұсы екені белгілі.
Айқара Ғұмар
Фото skoda.cz сайтынан алынған