Атырауда əлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылуда

ATPress.kz. 2 қараша. Қазір аймақта бір келі картоптың орташа бағасы 115 теңге, сəбіз - 120 теңге, пияз - 90 теңге, қырыққабат - 100 теңге.

Аймақта 2017-2018 жылғы маусымаралық кезеңде əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру қорын жасақтау жүріп жатыр, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көктемде «Атырау» ƏКК облыстағы екі шаруа қожалығымен 1000 тонна картоп жеткізу жөнінде форвардтық келісім-шартқа отырған. Жеткізілім мерзімі 2017 жылдың 20 қарашасында аяқталады деп жоспарланған. 

Көктемде жеткізушілерге биылғы егінмен ауыстыруға 30 тонна пияз, 120 тонна қырыққабат, 102,5 тонна сəбіз берілген. Тұрақтандыру қорына жеткізілімнің жалпы мөлшері 1 252,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарларын құрайды. 

Бүгінге дейін  478,2 тоннасы жеткізілді, оның ішінде 30 тонна пияз, 406,662 тонна картоп, 42,541 тонна қырыққабат бар. Қоймаға тауар жеткізу жұмысы күн сайын жүріп жатыр. 

Жоғарыда көрсетілген мөлшерге қосымша 220 тонна пияз сатып алу жоспарланған. Тұрақтандыру қорындағы пияз көлемі 250 тонна болады. 

Қазір бағаны тежеу бойынша жұмыстар басталды. Əлеуметтік маңызды тағамдар бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін «Атырау» ƏКК қаладағы супермаркеттер мен базарлардағы тауарларлық интервенция басталды, оның ішінде бірінші сұрыпты тауық жұмыртқасының данасы 19 теңгеден, картоп бір келісі - 86 теңге, пияз - 80 теңге.

Көкөністер бағасына жүргізілген мониторингке сəйкес, қазір аймақта бір келі картоптың орташа бағасы 115 теңге, сəбіз - 120 теңге, пияз - 90 теңге, қырыққабат - 100 теңге.

Ясмин ӘЛИ