Атырауда 811 жаңа жұмыс орны ашылды

ATPress.kz. 16 қараша. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Атырау облысында 172 жоба жүзеге асып жатыр. Осылайша, аталмыш бағдарлама бойынша жобаларды субсидиялау құны 12,6 миллиард теңгені құрап отыр.

Нәтижесінде жүзеге асып жатқан жобалар аясында 811 жаңа жұмыс орны құрылған. «Мұның сыртында жергілікті бюджеттен облыс әкімінің тікелей бастамасымен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға 600 миллион теңге бөлінді», - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиева.

Салыстыру үшін айта кетсек, өткен жылы облыста аталмыш бағдарлама бойынша 89 жоба қабылданған. Мемлекеттің қаржылық қолдауына мемлекеттік гранттар, кепілдіктер және субсидиялар кіреді. 

 

Бек Әзберген