Жылыойлық шаруаларға малды қауіпсіз жерге апару ұсынылды

Жылыой ауданында су тасқыны қаупіне байланысты мал иелеріне сақтық шараларын қабылдау ұсынылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудандық әкімдік пен су басу қаупінің алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі штаб малды қауіпсіз аймақтарға уақтылы көшіру және мамандардың ұсынымдарын орындау қажеттігін еске салады.

Мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар мен кәсіпкерлерге келесі шараларды қабылдау қатаң түрде ұсынылады:

  • Мал басын су тасқынынан қорғалған биік немесе қауіпсіз аймақтарға көшіру.
  • Жергілікті атқарушы органдармен және ауыл шаруашылығы қызметтерімен тұрақты байланыста болу.
  • Малдың жағдайын тұрақты түрде бақылап, олардың амандығын қамтамасыз ету.
  • Су тасқыны қаупі туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу.

Аман ШАМАР

Фото: ru.freepik.com