Қазақстанның жеті өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктері ауа райын байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында және Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысыныңАлакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, қарқыны - 18-23 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ертең Павлодар облысыныңсолтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, қарқыны 15-20 м/с жетеді.