Атырауда гидрологиялық ақпарат беру тоқтатылды

Атырау облысында су деңгейінің тұрақтануына байланысты, гидрологиялық ақпарат беру тоқтатылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап. 

Бұл туралы "Казгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салауат Туленов мәлімдеді.

"2024 жылғы 1 шілдеден бастап, Атырау облысының барлық гидрологиялық бекеттерінде су деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты, ақпаратты бюллетень түрінде беру тоқтатылады" делінген хабарламада.