Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 521 науқас анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 386 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 27 науқас анықталды. Ал, 30 - Жылыой ауданында, 20 - Индер ауданында, 10 - Исатай ауданында, 11 - Қызылқоға ауданында, 11 - Құрманғазы ауданында, 8 - Мақат ауданында, 18 науқас - Махамбет ауданында тіркелді.
Коронавирустық инфекциясы бар 272 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 249 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделді. Қазір 1075 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 201, фтизиопульманологиялық орталықта - 12 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 32. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 279 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.