Атырауда бір тәулікте 354 адам COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Коронавирустық инфекциясы бар 188 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 166 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 236 адам емделді.
Қазір 6 911 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 52, модульдік ауруханада - 175, фтизиопульманологиялық орталықта - 58 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 64. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 6 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.