Атырауда бір тәулікте 168 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

  Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 168 науқас анықталды.

 Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 115 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды. Ал, 28 - Жылыой ауданында, 5 - Индер ауданында, 1 - Исатай ауданында, 6 - Қызылқоға ауданында, 5 - Құрманғазы ауданында, 4 - Мақат ауданында, 0 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

 Коронавирустық инфекциясы бар 93 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 75 адамда ауру белгілері жоқ.

 Өткен тәулікте облыста коронавирустан емделіп шыққан адам жоқ. Қазір 6 653 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 31, модульдік ауруханада - 167, фтизиопульманологиялық орталықта - 60 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 60. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 1 науқас ем алуда.

  Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.