Биылғы Президент Жолдауында білім беру бағытында бірқатар тапсрымалар беріліп, міндеттер жүктелді. Бұл бағытта Атырауда да ең үлкен аудандардың бірі Құрманғазыда білім беру ұйымдарының қасбетін жаңарту, жарық шамдарын орнату және аула ішін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров мәлім етті, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектептің ауласын қоршап, жарық шамдары орнаттық. Дәулеткерей атындағы саз мектебінің Орлы ауылындағы филиалының іші орташа жөндеуден өтті. Енді ғимараттың сыртын сайдингпен қаптау бойынша мердігер мекемемен келісім шарт жасалды, - деді Е.Баяров.
Ауданда күрделі жөндеуді қажет ететін 5 мектеп пен 1 балабақша бар. Қазір Абай атындағы орта мектепті жаңарту үшін жобалық-сметалық құжат жасақтайтын мердігер анықталуда. Ал «Айсамал» балабақшасының күрделі жөндеуіне ЖСҚ жасалып жатыр. Сондай-ақ, келер жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Құрманғазы мен Ақкөл ауылында 600 орындық мектеп ашылады деп күтілуде.