Атыраулық оқушылар республикалық байқауда топ жарды

Атыраулық оқушылар республикалық «Зерде» байқауынан жүлделі орындар иеленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Білім бәйгесі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті. Оған 2-7 сынып оқушылары қатысып, зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Атырау облысынан 19 оқушы байқауда бақ сынады.

Нәтижесінде, Лира Байдилдаева, Зере Саясат пен Балауса Габдилкакимнің дайындаған жұмыстары 1-орынға лайық деп танылды. Ал, Мадина Ғалымжанованың жобасы 2-орын иеленді. Сондай-ақ, Ақдидар Қалау, Мұхамедияр Әбілқайыр, Саян Лұқпан, Әнел Ерболат пен Дінмұхаммед Қонайұлының еңбегіне үшінші орын берілді. Сол сияқты, арнайы грамотамен Ильяс Ақжолұлы марапатталды.

Жоғары нәтижеге қол жеткізуге күш салған қалған жас зерттеушілерге де сертификат табыс етілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: "Каспиан ньюс" телеарнасы